Гарри Кейн Месси мен Роналдудан асты
Ағылшын премьер-лигасындағы «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Гарри Кейн 2017 жылы 56 гол соқты. Гарри Кейн биыл барлық додаларда 56 гол соғып, Еуропаның ең үздік сұрмергені атанды.

Ол 2017 жылы 52 ойын өткізіп, орта есеппен әр ойында 1,08 доп салған. Әрі ол биыл ағылшын премьер-лигасында алты хет-трик жасап, рекорд жаңартты. Сондай-ақ 24 жастағы Гарри Кейн 2017 жылы АПЛ-да 38 гол соғып, 1995 жылдан бері қаймағы бұзылмай тұрған Алан Ширердің рекордың (36 гол) жаңғыртты. «Саутгемптонның» қақпасына үш доп салып, сейсенбіге дейін Еуропаның сұрмергендері арасында көш бастап тұрған Лионель Мессиден де асып түсті. 2017 жылы Еуропада 50 голдан артық соққандар:

56 – Гарри Кейн (52 ойын, бір ойында орта есеппен – 1,08 гол)
54 – Лионель Месси (64 ойын; 0,84 гол)
53 – Роберт Левандовски (55 ойын; 0,84 гол)
53 – Криштиану Роналду (59 ойын; 0,89 гол)
53 – Эдинсон Кавани (62 ойын, 0,85 гол).

vesti.kz