Владислав Огиря: Жаңа бапкерлерге өзімді дәлелдегім келеді
Павлодарлық «Ертістің» украиндік жартылай қорғаушысы Владислав Огиря демалысының қалай өтіп жатқанын және алдағы маусымға арналған жоспарларымен бөлісті.
– Владислав, демалысың қалай өтуде?
– Менің мерекелік күндерім отбасымның ортасында, артық қарбалассыз өтуде. Себебі, бұл кезең маған физикалық және эмоциялық тұрғыда күш жинауыма мүмкіндік береді. Бар уақытымды жақындарыммен өткізіп, достарыммен кездесемін.
– 9-қаңтарда Түркияда оқу-жаттығу жиыны басталады. Дайындық жұмыстарын бастап кеттің бе?
– Әрине, қалыпты жағдайды ұстанып, жаттығу залына барамын. Бұл өте маңызды, өйткені, егер екі ай бойы ештеңе жасамасаң, жиында қиынға соғады. Сол үшін де бір қалыпты ұстау керек.
– Алдағы маусымға қандай мақсаттар қойдың?
— Менің келісімшартым «Ертіспен» әлі 6 ай жалғасады. Павлодарлық команда сапында ойнағым келеді, сондай-ақ, жаңа бапкерлер ұжымы мен клуб әкімшілігіне өз күшімді дәлелдегім келеді.
— Жаңа жылда жанкүйерлерге қандай тілек тілейсің?
— Бізде ең жанашыр жанкүйерлер. Олар бізді жеңісті де, жеңілісті де кезде қолдайды. Барлығына денсаулық пен жақсылық тілеймін.