Линекер: «Реалды» келесі жылы Чемпиондар лигасынан көре алмайтын боламыз
Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Гари Линекер «Реал Мадрид» командасының ойынына көңілі толмайтынын жеткізді.
Эль-Классикода өзінің бұрынғы командасынан жеңілген мадридтіктердің ойын мәнері бұрынғы атақты футболшының ашуын қозғаған көрінеді. Ол өзінің Twitter парақшасына, «Зиданның командасы жалғасты осылай өнер көрсететін болса, онда оларды келесі жылы Чемпиондар лигасынан көре алмайтын боламыз», деп жазды.
Бұл Линекердің «Реал Мадрид» командасына айтып отырған алғашқы сыны емес. Осының алдында ол «Королдық клубтың» шабуылшысы Карим Бенземаның біліксіздігіне де өз күйінішін білдірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или