«Реал Мадрид» бірінші, «Астана» 67-інші орында тұр

«Реал Мадрид» бірінші, «Астана» 67-інші орында тұр

Еуропа футбол федерациясының(UEFA) жыл соңында жариялаған қортынды рейтингісінде испаниялық «Реал Мадрид» командасы қатарынан төртінші жыл көш бастады.

Бұл тізім команданың өткен бес жылда Еурододаларға қатысып жинаған ұпайлары негізінде құрылады. Осы рейтингідегі ұпай Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тарту сәттерінде өз әсерін тигізетін болады.<br />Сонымен алдыңғы үштікті «Баселона» мен «Бавария» түйіндеп тұр. Олардан кейін ретімен «Атлетико», «Ювентус», ПСЖ, «Севилия», «Манчестер Сити», «Дортмунд», «Бенфика» командалары орналасқан. Бұл алғашқы ондық.

Ал біздің «Астана» командасы тізімде 67-інші орында орналасқан. Бұл қазақстандық командалар үшін ең жоғары көрсеткіш саналады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или