Бұрынғы «Алтын доп» иегері бүгін алтын таққа отырды
Бүгін аяқталған Либерия президент сайламында бұрынғы футболшы, «Алтын доп» иегері Джордж Веа жеңіске жетті. Сөйтіп, ол тарихтағы тұңғыш Алтын доп пен Алтын таққа қатар қол жеткізген адам атанды.
Футболшы ретінде «Монако», ПСЖ, «Милан», «Челси», «Манчестер Сити», «Марсел» командаларында доп тепкен Веа енді алдағы алты жыл бойы Либерия елінің ауыр жүгін арқалайтын болады.
3,5 миллион адамның тағдыр-талайын өз қолына алып отырған аяқдопшыға алдағы күндерде сәттілік тілейміз. Осындайда, біздің футболшылардың арасында ел бастамақ түгілі ел сөзін сөйлей алатын ешкім жоғы есіңе түседі екен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или