Юлиус Сзоке Қарағандыда қалмайтын болды
Қарағандылық «Шахтердің» словакиялық жартылай қорғаушысы Юлиус Сзоке команда сапынан кетті, деп хабарлайды kazfootball.kz сайты.
Юлиус Сзоке қарағандылық команда қатарында тәп-тәуір өнер көрсетті. Тұрақты түрде негізгі құрамда ойнады. Клуб сапында өткізген екі жылда 55 кездесуге қатысып, 5 гол соқты. Енді жаңа маусымда басқа командаларда бағын сынап көрмекші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или