Кейн Мессиді кейін қалдырды

Кейн Мессиді кейін қалдырды

Англия премьер лигасының 20- туры аясында өз алаңында «Саутгемптонды» қабылдаған «Тоттенхэм» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Ал олардың бас шабуылшысы Гарри Кейн қатарынан екінші ойын хет-трик орындады.

Осылайша 2017 жылы оның соққан голдар саны 56 ға жетіп отыр. Сөйтіп, англиялық шабуылшы атақты Мессиді(54 гол) артта қалдырып, осы жылдың үздік сұрмергені атанып отыр.

Гарри 56 голдың 39-ын Англия премьер лигасында соққан екен. Бұл дегеніңіз ол тағы бір рекордтың мұртын бұзды деген сөз. Англияның аңыз ойыншысы Алан Ширердің 1995 жылы тіркеген рекорды енді тарихқа айналды. Осыған дейін Англияда 22 жыл үстемдік құрған рекорд 36 гол болатын. Ендігі көшбасшылық орын Гарри Кейнге тәуелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или