«Астана» шабуылшысы Африка үздіктерінің қатарында

«Астана» шабуылшысы Африка үздіктерінің қатарында

AfriqueSports.net сайтында жарияланған Африканың үздік футболшыларының тізіміне Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Жуниор Кабананганың да есімі еніп отыр.

«Астана» командасының шабуылшысы үшін 2017 жыл өте сәтті өтті. Ол алдымен Африка чемпионатында 3 гол соғып, қара құрлықтың үздік сұрмергені атанды. Сонымен қоса елордалық клубпен бірге Еуропа лигасының 1/16 финалына шығып отыр. Бұған оның ел біріншілігінде 19 гол соғып, тағы бір мәрте Қазақстан чемпионы атанғанын қосыңыз. Осының бәрі оның Африканың үздік 22 футболшысының қатарынан табылуына мүмкіндік жасап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или