«Ертіс» футболшылары балалар үйінде болып қайтты

«Ертіс» футболшылары балалар үйінде болып қайтты

«Ертіс» ФК Кенжекөлдегі отбасылық типтегі балалар ауылына барып, тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады! 

Қонаққа келген шабуылшы Арман Смаилов пен Артеп Поповты балалар қызықты концерттік бағдарламасымен күтіп алып, ғимараттың ішінде экскурсия жасады. Өз кезегінде футболшылар да құр қол келмей, балаларға түрлі тәттілер мен жеміс-жидектерді тарту етті. 

Еске салайық, өткен жылы «Ертіс» ФК балалар ауылымен өзара меморандумға қол қойған болатын. Келесі жылдан бастап кенжекөлдік балалар команданы барлық кездесулерде жасыл алаңға шығарады. 

«Ертіс» футбол клубы балалар ауылының әкімшілігіне, қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне ыстық ықыластары үшін алғысын білдіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или