Марко Станоевич: «Астана» сапында ойнайтыныма бақыттымын
Бүгін «Астана» клубы жартылайқорғаушы Марко Станоевичпен келісімшартқа отырды.
29-жастағы футболшы жаңа командасынан алған алғашқы әсерімен клубтың баспасөз қызметіне баяндап берді.
- Чемпион команда тарапынан ұсыныс түскеніне қуаныштымын. «Астананың» сапында ойнайтыныма бақыттымын.
- «Шахтердың» сапында «Астанаға» қарсы үш кездесу өткізген болатынсыз. Аталмыш ойындар несімен есте қалды?
- Қызық ойындар болды. Чемпионға қарсы әрқашан ерекше жігер пайда болады. Айтып өткенімдей, «Астананың» сапында ойнау - мен үшін үлкен абырой, - дейді Марко Станоевич.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или