«Қайраттың» ойыншысы Түркия біріншілігіне ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев Түркия біріншілігіне ауысуы мүмкін.
Бұл туралы ресейлік Euro-football сайты хабарлады. Әзірге Гафуржан Сүйімбаевке қызығушылық танытқан команданың аты құпия.
Айта кетейік, Гафуржан Сүйімбаев алматылық «Қайратқа» 2016 жылдың жазында ауысып келген болатын. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық құрамасына тұрақты шақырту алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или