«Реал Мадрид» өз алаңында оңбай ұтылды
Испания Ла лигасының 17-туры аясындағы «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы ойын 0:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. «Реал Мадрид» бірінші таймда тәп-тәуір ойнағанымен, үзілістен кейін білгендерінен жаңылды.
Қонақтар үш голды да екінші таймда соқты. Алдымен Суарес Робертоның пасын голға айналдырса, 64 минутта Месси пенальтиден мүлт кетпеді. Ойынның аяқталуына аз қалғанда қосалқы құрамнан қосылған Видаль үшінші голды соқты. Сөйтіп, «Барселона» Былтырғы чемпиондардан 14 ұпайға ұзап кетті. Екінші орындағы тағы бір мадридтік команда «Атлетико» да каталониялықтардан 9 ұпай қалып келеді.
«Реал Мадрид»: Навас, Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело, Каземиро(Асенсио), Модрич, Ковачич(Бэйл), Крос, Роналду, Бензема(Начо)
<span>«Барселона»: Тер Штеген, Роберто(Видаль), Пике, Вермален, Альба, Паулиньо(Гомеш), Ракитич, Бускетс, Инеста(Семеду), Месси, Суарес</span>
<span>Голдар: Суарес(54), Месси(64), Видаль(90)</span>
<span>Сары қағаз алғандар: Вермален, Рамос, Марсело</span>
<span>Алаңнан қуылды: Карвахаль</span>