Алматыда «Мектеп лигасы» турнирі өтті

Алматыда «Мектеп лигасы» турнирі өтті

Алматыда 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп лигасы» турнирі өтті. Алматы қаласының әкімдігі мен «Қайрат» футбол клубы ұйымдастырған турнирге Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп оқушылары қатысқан. Бұл туалы «Қайраттың» ресми сайты хабарлап отыр.

Турнирдің ашылу рәсіміне алматылық команданың ойыншылары Исламбек Қуат пен Тимур Рудосельский қатысып бала футболшыларға сәттілік тілеген. Ал жабылу салтанатына «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговский, клуб ардагерлері және қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері келіп, жүлдегерлерді марапаттаған.

Турнирдің қорытындысы бойынша Әуезов ауданының оқушылары бірінші орынды, Түрксіб ауданы жеткіншектері екінші орынды алған. Ал үшінші орынды Медеу ауданының оқушылары иеленген.

Сонымен қатар турнирда «Қайрат» командасының скауттары да болған. Олар өздерін талантымен таңғалдырған балдырғандар болашақта клуб академиясына шақыртылатынын айтып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или