Херад Нус: Клубты биікке көтергім келеді
Бүгін павлодарлық футбол клубының баспасөз орталығында клуб басшылығы журналистерге команданың жаңа бас бапкері Херард Нусты таныстырды.

— Павлодар облысының әкімі бұл маманға бірқатар талаптар қойды. Ол футболға қатысты барлық сұрақтармен айналысады. Осыған дейін бізде Испанияның бапкері болмаған. Бапкерлік корпуста Херад Нус бұрыннан бері жұмыс жасап келеді. Оның тәжірибесі павлодарлық футболға тың серпін қосады деген үміттемін, - деді «Ертіс» ФК-ның спорттық директоры Ойрат Садуов.

— Бұл қалаға келген сәттен бастап маған қолдау білдірген жандарға алғыс білдіремін. «Ертіс» сияқты айтулы клубта жұмыс істеуге мүмкіндік бергендеріңізге рахмет. Командаға жаңа белестерді бағындыруына көмек бергім келеді.

Менің әр футболшым команданың қандай мақсат қойғанын түсінуі керек. Біз бірыңғай жоспармен жұмыс жасаймыз. Мен алаңда жанын салып, 100 пайыз еңбектенетін ойыншыларды ұнатамын, жалқаулар керек емес. Бізге керегі жұмыс, жұмыс және жұмыс, - деді 32 жастағы маман Херад Нус.