«Ертіс» командасына жаңа бапкер келді
Павлодарлық «Ертіс» командасына жаңа бапкер келді. Бес дүркін Қазақстан чемпиондарын ендігі жерде испандық маман Херард Нус жаттықтыратын болады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
32 жастағы испаниялық маман павлодарлық командамен 2 жылдық келісімшарт жасады.

Херард Нус бапкерлік жолын Рафаэль Бенитестің басшылығымен бастаған. 2008/09 жылдары «Ливерпульдің» жаттықтырушылар штабында қызмет етті. Кейін «Чуннам Драгонс» (Оңтүстік Корея) және «Мельбурн Сити» (Аустралия) сынды клубтарда бас бапкердің көмекшісі болған.

Соңғы жылдары Гана құрамасының бас жаттықтырушы израильдік маман Авраам Грантаның штабында жұмыс жасаған. Ал, бас бапкер ретінде америкалық «Райо ОКС» (Солтүістік америкалық футбол лигасы) командасын жаттықтырды.

Сонымен қатар, Херард Нус «Райо Вальекано» мен «Эльче» сияқты испаниялық клубтардың техникалық директоры болған.