Футзалдан қыздар арасында Тәуелсіздік күніне орай жарыс өтті
Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде облыстық футбол федерациясының бастамасымен футзалдан қыздар, студенттер және мектеп оқушылары арасында турнир ұйымдастырылды.
Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша қола жүлдені №198 орта мектептік оқушылары иеленді. Олар «қола» үшін болған матчта «КазГЮ және ТК» студент қыздарын пенельти бойынша 3:2 есебімен жеңді (негізгі уақыт 0:0).
Финалдық ойында №12 және №257 орта мектептің қыздары кездесті. Турнирдің басты жүлдесі – Тәуелсіздік Кубогын №12 мектептің оқушы қыздары жеңіп алды. Олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Турнирдің үздік ойыншылары:
Қақпашы – Жұлдызай Қаражан (№ 257 ОМ);
Қорғаушы – Назерке Әбілтаева (КазГЮ және ТК);
Шабуылшы – Рашида Резанова (№198 ОМ);
Үздік ойыншы – Наргиз Ваисова (№12 ОМ).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан Кубоктар, естелік сыйлықтар мен медальдармен марапатталды.<span id="ctrlcopy"><br /></span>