«Арсеналдың» атақты ойыншыларының бірі мансабын аяқтады

«Арсеналдың» атақты ойыншыларының бірі мансабын аяқтады

Бүгін 37 жастағы чехиялық жартылай қорғаушы Томаш Росицкий футболдағы мансабын аяқтағанын жариялады.<br />Ол спорттық ғұмырында «Дортмунд», «Арсенал» сынды танымал клубтардың намысын қорғады. Өткен жылы «Арсеналдағы» он жылдық сапарын аяқтап, өзінің туған командасы «Спарта Прагаға» ауысқан болатын.

«Мен осы сәттің келерін білгенмін. Менің футбол ойнауым қиындап кетті. Көңілім қанша қимағанымен дене қуатым футболмен жалғасты айналысуыма мүмкіндік берер емес. Сол үшін мансабымды аяқтау дұрыс деп шештім. Бірақ менің спорттық ғұмырым даңықты болды деп есептеймін. Футбол қашанда менің сүйікті ісім», деп түйіндеді сөзін Томаш.

20 жылдық футболшылық ғұмырында ол Чехия чемпионатын, Германия чемпионатын ұтты. Бірнеше дүркін Англия кубогын жеңіп алды. Чехия ұлттық құрамасында 105 кездесу өткізіп, 23 гол соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или