«Астана» Стойловтың жалақысын көтеріп, жаңа келісімшарт ұсынды

«Астана» Стойловтың жалақысын көтеріп, жаңа келісімшарт ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы бас бапкері Станимир Стоиловты алып қалу үшін оған жаңа келісімшарт ұсынды. Бұл туралы Topsport.bg сайты "Тема Спорт" газетінің жаңа нөміріне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін Стоиловтың командадан кететіні туралы көп айтылған еді. Тіпті болгариялық бапкердің өзі де бұны растап, Еуропа командаларынан ұсыныс күтіп жүргенін жасырмаған болатын.

Алайда «Астана» клубының басшылары командаға ұшан-теңіз еңбегі сіңген бапкерді алып қалу үшін барын салып жатқан көрінеді. Газеттің болжауынша, бұл ұсынысты Стоилов қабыл алуы мүмкін. Өйткені, жаңа келісімшартта болгариялық маман Елордада қалатын болса жылына 1,2 миллион жалақы алатыны көрсетілген.

Желтоқсан айында аяқталатын көне келісімшарт бойынша Стойлов «Астана» сапында айына 100 мың доллар алып отырған болатын. Ал 2014 жылы алғаш командаға келгендегі айына алатын жалақысы 70 мың доллар көлемінде болған.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер