Иван Маевский Беларуссияның жыл футболшысы атана алмады

Иван Маевский Беларуссияның жыл футболшысы атана алмады

«Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Маевский Беларуссияның жыл футболшысы атана алмады. Десе де, жыл қортындысы бойынша ол үздік үштіктен көрініп отыр. Бұл туралы сол елдің футбол федерациясының сайты мәлімдеді.

Дауыс беру нәтижесінде ол 277 ұпай жинап үшінші орынға тұрақтаған. Иванның алдын ораған екі отандасы Ресейлік «Ростов» командасының жартылай қорғаушысы Тимоти Калачев (378) және беларустық БАТЭ-нің шабуылшысы Михаил Гордейчук. Беларус чемпионатының үздік сұрмергені Михаил 470 ұпай жинаған екен.

Осылайша Қарағандының тумасы Михаил Гордейчук Беларуссияның үздік футболшысы атағын жеңіп алып отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или