«Интердің» қатарына жаңа қорғаушы қосылады

«Интердің» қатарына жаңа қорғаушы қосылады

«Интер» командасы «Лационың» қорғаушысы Стефан Де Вреймен өзара келісімге келді, деп жазады италиялық «La Gazzetta dello Sport» басылымы.

Голландиялық қорғаушының қазіргі командасымен келісімшарты келесі жазда бітеді. Соны ескере отырып «Бүркіттер» ойыншыға командада жалғасты қалуды ұсынып, 2,5 миллион евро жалақы төлеуге дайын екендіктерін жеткізген. Алайда Стефан әлдеқайда танымал командалардың намысын қоғауды жөн көріп отыр.

Талантты футболшыға «Ювентуста» көз қадап жүрген көрінеді. Алайда ойыншының көңіліне «Интердің» ұсынысы майдай жаққаны сонша, миландықтарға мақұлдығын да беріп қойған секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или