Маскерано Қытай чемпионатына ауысуы мүмкін

Маскерано Қытай чемпионатына ауысуы мүмкін

«Барселона» командасының қорғаушысы Хавьер Маскерано Қытай асып доп теппекші. 33 жастағы футболшы ең тез болғанда қаңтар айында қытайлық клубтың қатарына қосылуы мүмкін.

«Хэбэй Чайна Фортун» командасы аргентиналық ойыншы үшін каталониялықтарға 10 миллион евро төлеуге дайын. Әрі бұл сома екі тарапты да қанағаттандыратын секілді. Себебі Маскерано бүгінде негізгі құрамның ойыншысы емес, бірақ жалақысы өте жоғары. «Барселона» басшылығы қосалқы құрам ойыншысына көп жалақы төлегісі келмей қалған көрінеді.

Маскерано осы кезге дейін жылына 5,5 миллион евро алып келген болса, енді қытайлық клубта екі жыл өнер көрсеткені үшін 19 миллион евроны санап алатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или