Ресейлік БАҚ Твумаси Проместің орнын басатынына сенімді

Ресейлік БАҚ Твумаси Проместің орнын басатынына сенімді

Ресейлік «Чемпионат» сайты елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумаси мәскеулік «Спартакта» Квиси Проместің орнын басатынына сенімді.

<span>«Спартак» пен ЦСКА арасындағы кездесуден соң қазақстандық БАҚ алаң қожайындарының «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасиге қызығушылық танытып жүр деп жазған. Егер де қыста голландиялық Квинси Промес топ-клубтың біріне ауысса, ганалық футболшы оның орнын баспақ. Айта кетейік, Қазақстан біріншілігінің төрт дүркін чемпионы Ресей чемпионатында Черчесовтың қол астында «Амкарда» ойнаған болатын.  Твумасиге мәскеулік «Спартактан» бөлек «Гамбург» пен «Бурсаспор» қызығушылық танытып отыр», - деп жазды ресейілік сайт.</span>

<span>Айта кетейік, бұған дейін «Астананың» жартылай қорғаушысы Патрик Твумасиге Ресей чемпионы қызығушылық танытып жүргенін жазған болатынбыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или