«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы грекиялық «Олимпиакосқа» ауысуға жақын

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы грекиялық «Олимпиакосқа» ауысуға жақын

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Леандре Тавамба грекиялық «Олимпиакосқа» ауысуға жақын. 

Sport24.gr сайтының мәліметінше, сербиялық «Партизанның» шабуылшысы грекиялық командаға ауыспақ. 27 жастағы футболшы «Олимпиакоспен» келісімшартта қаңтар айында жасаспақ.

Айта кетейік, Тавамба 2016 жылы «Қайраттың» сапында өнер көрсеткен. Барлығы 23 ойынға қатысып, 4 мәрте көзге түскен.     

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или