Африканың үздік ойыншысы атағына үміткерлер саны үшке қысқарды
Африка футбол конфедерациясы құрлықтың үздік ойыншысына үміткерлер саны үшке қысқарғандығын хабарлады.
Үміткер үштік қатарына «Ливерпульдің» екі ойыншысы сенегалдық Садио Мане мен мысырлық Мохаммед Салах және «Боруссия» ойыншысы Пьер-Эмерик Обамеянг енді.
Жеңімаздың есімі Африка құрлығы құрамаларының бапкерлері және эксперттердің дауыс беру қортындысында белгілі болады.
Өткен жылы Африка құрлығының үздік ойыншысы атағы Алжир құрамасының ойыншысы Рияд Махрездің қанжығасында кеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или