Қазақстан әйелдер құрамасы түркиялық клубты 15:0 есебімен жеңді
Түркияның Белек қаласында өткен оқу-жаттығу барысында Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші бақылау ойынын өткізіп, қарсыластарын 15:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Бұған дейін жоспарланған Ресейдің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасымен кездесу өтпей қалды. Оның орнына Айтпай Жамантаевтың командасы түркиялық «Анталия Демирспор» клубымен ойын көрсетіп, 15:0 есебімен жеңді.
Аталған ойында Анастасия Власова мен Мария Демидова 5 голдан соқты. Ал Арайлым Орынбасарова хет-трик жасады.
Назерке Шалмұхамбетова мен Құндыз Қожахмет тағы бір голдан салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или