Тимур Құлыбаев Тимур Сегізбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев атақты футболшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
«Өз атымнан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Тимур Санжарұлы Сегізбаевтің қайтыс болуына байланыста оның туған-туыстарына көңіл айтамын. Қазақстан спорты аты аңызға айналған адамнан айырылып отыр. Тимур Санжарұлы өз ісіне адал болудың үлгісі болатын нағыз кәсіби маман еді. Ол Қазақстан спортының дамуына елеулі үлесін қосқан адам», - делінген жеделхатта.
Тимур Сегізбаев 76 жасында өмірден озды. Өзінің спорттық карьерасында алматылық «Қайрат» футбол клубының сапында 200-ден асам оный өткізген. Үлкен спорта кейін жаттықтырушылық қызмет атқарды. Одан соң Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтерде болды.