«Миланның» жолы болар емес
Бас бапкер етіп аңыз ойыншысы Гаттузоны шақырсада «Миланның» жолы болар емес. Италия чемпионатының кезекті турында көш соңында жүрген "Веронадан" 3:0 есбімен ұтылып қалды.
Жалпы «Милан» биыл өзін емес көш соңында жүрген командалардың қамын көбірек ойлап жүр. Осының алдында он төрт ойын бойы бірде-бір ұпай ала алмаған «Беревенто» командасымен тең түсіп, қарсыластарының чемпионаттағы алғашқы ұпайын алуына мүмкіндік берген болатын. Енді бүгін «Веронаның» 17 турдан кейінгі үшінші жеңісіне жетуіне жағдай жасап отыр. Осындай сүреңсіз ойындарынан кейін олар көшбасындағы командалардан ұпай айырмасын тым алшақтатып алды.
Бір қызығы бүгін «Миланға» екі голды тарихи қарсыластарының футболшылары соқты. Екінші голды соққан Кин «Веронаның» «Ювентустан» жалға алған ойыншысы. Ал үшінші голдың авторы Бесса «Интердің» тәрбиеленушісі.
«Милан» үшін жеңілістен де жаманы, маңызды футболшыларының бірі Сусо ойыннан қуылып, «Аталантаға» қарсы кездесуде командасына көмектесе алмайтын болды. Енді Гаттузоға Сусоны жоқтатпайтын тағы бір тактика ойлап табуға тура келеді.
Италия чемпионаты
17-тур
«Верона» – "Милан» – 3:0<span> </span>(1:0)
Голдар: Караччоло, 24 (1:0). Кин, 55 (2:0). Бесса, 77 (3:0).
«Верона»:<span> </span>Николас, Касерес, Эрто, Феррари, Караччоло, Бюхель, Б.Сукулини, Ромулу, Валоти (Бесса, 22. Ф.Сукулини, 85), Черчи (Кин, 32), Верде.
«Милан»:<span> </span>Дж.Доннарумма, Бонуччи, Родригес (Кутроне, 46), Романьоли, Калабрия, Монтоливо (Локателли, 72), Бонавентура, Кессье, Калинич (Андре Силва, 57), Борини, Сусо.
Сары қағаз алғандар: Б.Сукулини, 35. Борини, 45+3. Романьоли, 49. Бюхель, 59. Николас, 69.
Алаңнан қуылды: Сусо, 90+1.