Испания құрамасы әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін

Испания құрамасы әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін

Жақында FIFA тарапынан Испания футбол федерациясына арнайы хат жолданып, ескету жалған. Хатта егер Испан үкіметі федерация жұмысына қол сұғатын болса Испания ұлттық құрамасының халықаралық жарыстарға қатысу құқығы шектелетіні ескертілген, деп хабарлайды испаниялық «Паи́с» басылымы.

Хабарламада, Испания футбол федерациясының басшысын сайлауға Испания үкіметі тікелей араласатын болса, онда Испания құрамасы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жіберілмейтіні айтылған.

Бұған дейін Испания футбол федерациясының басшысы Анхель Вильяр міндетінен алынып, ол қызметке Хуан Моралес келген болатын. 

FIFA ережелеріне сай, егерде бір елдің үкіметі өз елінің футбол федерациясының жұмысына араласатыны дәлелденсе онда сол елдің халықаралық жарыстарға қатысуына жол берілмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или