Кака мансабын аяқтауы мүмкін
Бразилиялық атақты футболшы, 2007 жылғы “Алтын доп” иегері Рикардо Кака өзінің футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Бразилия ақпарат құралдары хабарлап отыр.
Ол бүгінде еркін агент, соңғы командасы «Орландо Ситимен» келісім-шартының уақыты жақында толған болатын. Жанкүйер қауым оның алда қай команданың намсын қорғайтынын асыға күтіп жүрген еді.
Бірақ, 35 жастағы даңықты футболшы спорттық ғұмырына нүкте қоюға бел буған секілді. Ол болашақта спорттық директор секілді қызметтерді істеуді көздеп жүрген көрінеді. Нақты ақпарат жақын күндері белгілі болады.
Осыған дейін оны бұрынғы командасы Италияның «Миланы» басшылық қызметтерге шақырғаны хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или