Құраманың аға бапкері Александр Кузнецов ұлттық құрамалар базасына «Астана» командасының 10 ойыншысын шақыртты.
Негізгі команда сапынан құрамаға шақырту алған ойыншылар тізімінде жанкүйерлер тарапынан осы маусымның ең үздік жас ойыншысы атанған Владислав Прокопенко бар.
Ал дубль құрамынан қақпашылар Олег Медведев пен Владислав Саенко, қорғаушы Сағи Совет, 2000 жылы туған жасөспірімдер командасының капитаны және ҚР Біріншілігінің үздік қорғаушысы Самат Мажит, Әлім Ілиясов, Санжар Айтым, дубль құрамының капитаны Дінмұхамед Қашкен, жартылай қорғаушылар Жасұлан Қайыркенов пен Руслан Махан шақырту алды.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана-2000» командасы өз жасында ҚР Біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алып, келесі жылы жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғайтын болады.
sport.inform.kz