«Реал Мадрид» - клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы
Бүгін клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы өз мәресіне жетті. Ақтық сынға жолдама алған испаниялық «Реал Мадрид» пен бразилиялық «Гремио» кім мықтыны анықтады.
Финалдық ойынның фавориті саналған «патшалық» клуб мықытылығын дәлелдеді. Кедесудің бірінші бөлшегі 0:0 есебімен аяқталғанымен, екінші таймда мадридтік команданың сұрмергені Криштиану Роналду ойындағы жалғыз гоkды соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Реал Мадрид» екінші жыл қатарынан аталмыш жарыста топ жарды.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Финал.
«Реал Мадрид» - «Гремио» - (0:0) 1:0.
16 желтоқсан. Абу-Даби. «Зайед Спорт Сити» стадионы.
Төреші - Сесар Рамос Паласуэлос (Мексика).
Гол: Криштиану Роналду, 53 (1:0).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или