«Севильяның» бас бапкері ракты жеңіп, жұмысына қайта кірісті
«Севильяның» бас бапкері Эдуардо Бериссо рак ауруынан емделіп, жұмысына қайта кірісті.
Бериссо командамен жұмысын жалғастыра бермек. Ол Испания чемпионатында «Левантеге» қарсы матчта өз командасын жаттықтырады.
Айта кетейік, Бериссодан қарашада рак сырқаты табылып, оған ота жасалған болатын. Бұл сырқатын ол «Ливерпульге» қарсы ойынның үзілісінде айтқан. Нәтижесінде 0:3 есебімен жеңіліп жатқан «Севилья» ойыншылары екінші таймда таразы басын теңестіріп тастаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или