Тимур Сегізбаев дүниеден озды

Тимур Сегізбаев дүниеден озды

76 жасына қараған шағында қазақ футболының аңызы Тимур Санжарұлы Сегізбаев дүниеден озды. 

Тимур Санжарұлы - Алматы футбол мектебінің түлегі.

Спорттық мансабын 1958 -1970 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өткізді.

Футболшы карьерасын аяқтаған соң бапкерлікке бет бұрып «Автомобилист», «Шахтер», «Қайрат» сынды командаларды жаттықтырды. 

Тимур Сегізбаев КСРО спорт шебері атанған. Қазақ КСР және Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы деген атағы тағы бар. Сондай-ақ Тимур Санжарұлы Елімізге еңбек сіңірген спорт қайраткері. Қазақ футболының қара нары еді...

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или