ҚФФ-ға Ұлттық олимпиада комитетінің сертификаты табысталды

ҚФФ-ға Ұлттық олимпиада комитетінің сертификаты табысталды

Жаңа үлгідегі сертификат сән-салтанатпен марапатталды. Шараға Қазақстан Футбол Федерациясының атынан ҚФФ Заң департаменті директорының орынбасары Жанар Ахметова қатысты. Сертификатты ҚР ҰОК бас директоры Серік Қасқабасов табыстады. 

<span>Берілген сертификат Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті тарапынан ҚФФ-ға көрсетілген зор құрмет. Енді Қазақстан Футбол Федерациясы ҚР ҰОК-та профильді жазғы олимпиадалық спорт түрін ұсынуды заңды түрде жалғастырады. Осылайша біздің елде футболды дамытумен нақты әрі ұзақ уақытқа айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» Заңына сәйкес ҚР ҰОК-тың жаңартылған сертификаты бар федерация ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде салалық тіркеуден өтеді. Бұл федерацияға Қазақстан Республикасының территориясында осы спорт түрін заңды түрде дамытуға ресми құқық береді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или