«Қайдағы Карпин? Жозе мен Капелло керек бізге!»

«Қайдағы Карпин? Жозе мен Капелло керек бізге!»

«Ертіс» футбол клубының директоры Жанайдар Дүйсембаев «Спорт Экспрес» тілшісінің сұрағына жауап берді.

Осыған дейін, 14 желтоқсан күні Карпиннің Павлодарға келгені жайлы хабар тараған болатын.

48 жастағы ресейлік маман «Ертіс» командасының тізгінін ұстайды деген қауесет тарады. Осы хабардың анық-қанығын білу үшін ресейлік тілші Дүйсембаевқа сұрақ қойған. Ол былай деп жауап берді:

- Ия, біз бас бапкер іздеп жатырмыз. Тек Карпинмен ғана емес, Моуриньомен және Капелломен келіссөз жүргізудеміз, - деп әзілмен жауап қайтарды.

- Демек, Карпинмен ешқандай келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ қой?

- Жоқ. Өсек таратудың қажеті жоқ.

Ал команданың спорттық директоры Ойрат Садуов «Чемпионат» сайтына берген сұқбатында Валерий Карпинге ұсыныс жасалғанын растады. Әрі жақын күндері нақыты жауабы белгілі болатынын айтты.

Естеріңзіде болса павлодарлық клуб осы маусыда чемпионатты төртінші орынмен аяқтап Еурокубокқа жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или