Португалиялық БАҚ «Спортингтің» Астанадағы қиындықтарына тоқталды

Португалиялық БАҚ «Спортингтің» Астанадағы қиындықтарына тоқталды

Португалиялық Cmjornal.pt сайты лиссабондық «Спортинг» Астанада өтетін матчта қандай қиындыққа тап болатынын жазды.

Айта кетейік, «Астана» мен «Спортинг» Еуропа лигасының 1/16 финалында кездеседі.

«Қазақстан чемпионы «Астананың» аты қорқыныш тудырмайды. Алайда, «арыстандар» ұзақ сапар және төмен температурамен кездеседі. Бұл Жезуш командасының басты қарсыласы болмақ. Лиссабон мен Астананың арасы 7 мың шақырым. Бұл қалада температура минус 18-ден де төмен болуы мүмкін. Ал уақыт айырмашылығы – 6 сағат. Оның үстіне, «Астана Аренада» синтетикалық көгал төселген. Бұл табиғи алаңға үйренген «Лиссабон» футболшыларына қолайсыздық туғызуы мүмкін», - деп жазады портал.

Айта кетейік, бұл командалардың алғашқы матчы Астанада 15 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или