Аничич «Астана» сапында еурокубоктардағы бесінші голын соқты 

Аничич «Астана» сапында еурокубоктардағы бесінші голын соқты 

Чехиялық «Славияға» қарсы кездесуде матчтағы жалғыз голды елордалық команда қорғаушысы Марин Аничич соққан еді. Дәл осы гол «Астана» командасын ел тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығарған болатын. 

<span>Бұл гол Аничичтің «Астана» сапында еурокубктердегі бесінші голы ретінде тіркелді. Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы осыған дейін португалиялық «Бенфика», кипрлік АПОЭЛ, екі рет литвалық «Жальгирс» және чехиялық «Славия» қақпаларына гол соққан болатын. Бір қызығы Марин гол соққан кездесулерде «Астана» командасы минимум жеңілмеген. «Бенфикаға» қарсы кездесуде тең түссе, қалған үш кездесуде қазақстандық команда жеңіске жеткен. </span>

<span>Аничич осы голы арқылы «Астана» сапында еурокубоктерде ең көп гол соққан ойыншылар тізімінде Жолшиевті қуып жетті. Ал 28 жастағы қорғаушыдан көп гол соққан елордалық команда сапында екі ғана ойыншы бар. Олар: Патрик Твумаси (14 гол) мен Жуниор Кабананга (6 гол).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или