«Қайрат» Парагульковпен келісімшартын ұзартты
«Қайрат» ФК Магомед Парагульковпен еңбек келісімін ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Ойыншымен жаңа келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалды. Өткен маусымда Магомед негізгі команда сапында 8 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.
- «Қайрат» секілді клубпен жаңа келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Ол менің туған клубым саналады. Алдағы маусымда чемпион атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеміз деп және алға қойған барлық жоғары мақсаттарымызды орындаймыз деп үміттенемін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или