Саян Хамитжанов: «Спортингке» қарсы «Астананы» қиын ойындар күтіп тұр

Саян Хамитжанов: «Спортингке» қарсы «Астананы» қиын ойындар күтіп тұр
«Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов Еуропа Лигасы1/16 финалының жеребе қорытындысы бойынша елордалық командаға қарсылас атанған «Спортинг» командасына қатысты өз пікірін білдірді.
-  Жеребе қарсаңында бізге қарсылас атана алатын командалар тізімін алғаш көргенде, бізде ешқандай алаңдаушылық болған жоқ. Себебі, еурокубоктардың бұл сатысына кездейсоқ командалар жолдама ала бермейді. «Спортинг» - Португалияның ең үздік үш командасының қатарына кіретін мықты ұжымдардың қатарынан. Команда құрамында ұлттық құрама деңгейінде лайықты өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі ойыншылар жетіп артылады. «Спортингтің» жастар академиясы әлемдегі үздіктер қатарында. Ол жерден Фигу, Нани, Криштиану Роналду және Руи Патрисиу сияқты әлемдік футболдың жарық жұлдыздары түлеп ұшқан. Одан бөлек, қазіргі таңда португалиялық команданың басты қорғаны, жартылай қорғаушысы Уильям Карвалью да бар. Бұл ойыншыны еуропаның кез келген командасы өз қатырында көргісі келеті анық. Ал «Астананы» алда өте қиын кездесулер күтіп тұр.

<span style="font-family: inherit; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-style: inherit; font-variant: inherit; font-weight: inherit; font-stretch: inherit; line-height: inherit; vertical-align: baseline;"><span style="font-family: inherit; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-style: inherit; font-variant: inherit; font-weight: inherit; font-stretch: inherit; line-height: inherit; vertical-align: baseline;" lang="KZ">- «Астана» командасының алғашқы кездесуді өз алыңында өткізуі, біздің ұжымға қол бола ма?</span></span>

<span style="font-family: inherit; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-style: inherit; font-variant: inherit; font-weight: inherit; font-stretch: inherit; line-height: inherit; vertical-align: baseline;"><span style="font-family: inherit; margin: 0px; padding: 0px; border: 0px; font-style: inherit; font-variant: inherit; font-weight: inherit; font-stretch: inherit; line-height: inherit; vertical-align: baseline;" lang="KZ">- Менің ойымша, алғашқы кездесуде үйде немесе түзде ойнағанның аса бір маңызы жоқ. Біздің команда өз алаңымызда да, сырт алада да бірдей дайындықпен ойнайтын болады. Мысалға, біз өз алаңымызда "Вильярреалға" жол бердік, алайда, сырт алаңда «Маккаби» және «Славия» командаларынан басым түстік. 15 ақпан күнгі ауа-райы «Астана Арена» стадионына жанкүйерлердің көптен жиналуына кері әсерін тигізбейді деген ойдамын. Бізге жанкүйерлер қолдауы ауадай қажет!</span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или