Абзал Бейсебеков: Алғашқы кездесуде жанкүйерлер бізге қызу қолдау көрсетеді деп сенеміз
Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа Лигасының 1/16финалының жеребе тарту рәсімі өтіп, «Астана» командасына португалиялық «Спортинг» командасы қарсылас атанды. 11 декабря, 2017<br />Жеребе қорытындысы туралы елордалық команданың қорғаушысы Абзал Бейсебеков клубымыздың баспасөз қызметіне өз пікірін білдірді:<br />- Бізге Португалияның ең мықты ұжымдарының бірі қарсылас атанды. «Спортинг» командасы тарихы терең, тәжірибелі ойыншыларды өз қатарына жинаған мықтыұжым. Сондықтан, бұл командаға қарсы кездесу оңай болмасы анық. Жалпы плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар осал емес. Дегенмен, біз дәл қазір артта қалған ұзақ әрі қиын маусымнан кейін ес жинап, демалып, осы ойынға оқу-жаттығу жиындарында тыңғылықты дайындалатын боламыз. Еліміздегі футбол маусымы еурокубоктық матчпен басталатынын ескеретін болсақ, «Астана Аренадағы» алғашқы кездесуде жанкүйерлер бізге қызу қолдау көрсетеді деп сенеміз. Ал біз өз кезегімізде оларды қуанту үшін барымызды салатын боламыз.<br />- Абзал, есіңізде болса сіз УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында өткен тағы бір португалиялық команда «Бенфикаға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде алаңға шыққан едіңіз. Жалпы, португалиялық командалар қандай ойын өрнегімен ерекшеленеді?<br />- Негізінен, португалиялық ойыншылардың физикалық мүмкіндіктері жоғары, бойлары ұзын, стандарттық жағдайларда өте қауіпті. Алайда, бапкерлер құрамы «Спортингке» қарсы кездесуде бізге қарсылас команданың осал тұстарын көрсетіп, жеңіске жол бастап береді деп ойлаймын.