«Спортинг» жанкүйерлері «Астана» жайлы не деді?

«Спортинг» жанкүйерлері «Астана» жайлы не деді?

«Спортинг» жанкүйерлерінің «Астанамен» ойын жайлы пікірлерінен үзінді:

Armindo Miguel Matos: «Уақыт жағынанда басқа жағынанда бізге қиынырақ. Ол жаққа демалып 5 күнде барса жақсы болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Командаға жеңіс тілеймін!»

Fabricio M. Ramos: «Еуропаның бір шетінен екінші шетіне бару 7000 шақырым екен, ол дегеніміз кемінде 11 сағат ұшақта болу. Керемет сезім!»

Mário Falagueira: «Чемпионаттың ортасында Қазақстанда ойнау біз үшін қиынға соқпақ. Қазіргі уақытта бізге ішкі чемпионат маңызды.»

Oliveirz Vitor: «Біз жолдың алыстығына шағымдана бермей "Астана" жайлы да ойлауымыз керек, оларда осыншама ұзақ жол жүріп Лиссабонға келеді емес пе?»

João Francisco Pacheco: «Маған қонақта тең есепке қол жетгізгені ұнайды, бірақ біз жеңіп, жарысты жалғастыруымыз қажет!»

Rui Marques: «Бұл өте ұзақ жол болмақ, мен бізге жақынырақ қарсылас түседі деп ойлап едім. Бірақ жеребе сәтті түсті, біз 90%-ға келесі кезеңдеміз!»

Клубтың Facebook желісіндегі ресми парақшасынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или