«Астананың» 1/16 финалдағы қарсыласы белгілі болды
Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб пәтерінде Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды.
Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алған 32 клуб қатарында елордалық «Астана» ұжымы да бар.
Жеребе қортындысында елордалық ұжымның қарсыласы португалиялық «Спортинг» клубы атанды.
Естеріңізге салсақ, «Астана» А тобында «Славия», «Маккаби» және «Вильярреал» командаларымен кездесіп 10 ұпаймен екінші орын алған болатын.
«Астана» Еурокубок ойындарында топтан шыға алған қазақстандық командалардың арасындағы алғашқысы.
Еуропа лигасының 1/16 финалының алғашқы ойындары 15-ақпанда өтсе, қарымта кездесулер 22-ақпанға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или