QazSport клубтар арасындағы әлем біріншілігін көрсетеді

QazSport клубтар арасындағы әлем біріншілігін көрсетеді

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты (FIFA Club World Cup) – жыл сайын желтоқсан айында өткізілетін ірі футбол турнирі.

Халықаралық Футбол Федерациялары қауымдастығының (ФИФА) жетекшілігімен Бразилияда 2000 жылдың қаңтар айында өткізілген алғашқы жарыстан кейін ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын желтоқсан айында Жапонияда сарапқа салынатын Құрлықаралық Кубок бәсекесін біріктіру арқылы Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын өткізуді ұйғарды. Жарыстың қазіргі форматы 2005 жылғы турнирде қалыптасты.

Жаңа жүйе бойынша бәсекеге УЕФА Чемпиондар Лигасының (Еуропа), КОНМЕБОЛ Либертадорес Кубогының (Оңтүстік Америка), КАФ Чемпиондар Лигасының (Африка), АФК Чемпиондар Лигасының (Азия), КОНКАКАФ Чемпиондар Лигасының (Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні елдері) және ОФК Чемпиондар Лигасының (Океания футбол федерациясы) жеңіпаздары мен жарысты қабылдайтын елдің клубтық чемпиондары қатысады.

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын өткізу құқығы 2005, 2006, 2007, 2008, 2011, 2012, 2015 және  2016  жылдары, яғни сегіз рет Жапонияға бұйырған болса, 2009, 2010 жылдары жарыс Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Ал, 2013 және 2014 жылдары Әлем чемпионатының қатысушылары  Кубокты Мароккода сарапқа салды.

Әр жылдары жарыста үздік ойыншыға тиесілі арнайы «Алтын доп» сыйлығына Рожериу Сени, Деку, Рикарду Кака, Уэйн Руни, Лионель Месси, Луис Суарес, Серхио Рамос, Франк Рибери секілді жұлдыздар ие болған. Жалпы он 12 өткізілген жарыста 8 рет еуропалық командалар, 4 рет оңтүстік америкалықтар бас жүлдені алды.

Еуропалықтар арасында испаниялықтар 5  рет чемпион атанды («Барселона» - 3, «Реал» - 2), италиялықтар екі рет топ жарса («Милан» - 1, «Интер» - 1), ағылшындар («Манчестер Юнайтед» - 1) мен  немістердің еншісінде («Бавария» - 1) бір-бірден бас жүлде бар. 2017 және 2018 жылғы FIFA Club World Cup Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или