Станимир Стойлов: Қазақстан – менің екінші отаным

Станимир Стойлов: Қазақстан – менің екінші отаным

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов болгариялық Gong.bg сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасын жаттықтыру туралы пікірін айтты.

«Қазіргі уақытта құрама менің орным деп ойламаймын. Өзімді клубтық футболда көремін. Түсінесіз бе, үш жарым жыл бұрын «Астанаға» келген кезімде Қазақстан халқының құрметі мен махаббатын сезіндім. Бұл ел менің екінші отаным деуге болады – ол үшін жүрегімнен қашан да орын табылады», - деді Стойлов.

Айта кетейік, Станимир Стойловтың «Астанамен» келісім-шарты биыл аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или