Бахтиер Зайнутдинов: Бапкер жөн деп санаған позицияда ойнауға әзірмін

Бахтиер Зайнутдинов: Бапкер жөн деп санаған позицияда ойнауға әзірмін
«Астана» сапын қыста толықтырған жаңа ойыншылардың бірі Бахтияр Зайнутдинов жас та болса Қазақстанның ұлттық құрамасына шақырту алды.
Чехиядағы жиын кезінде Зайнутдинов «Викторияға» (Жижков) қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты, бірнеше позицияда өзін көрсете алды. Осыдан кейін елордалық клубтың баспасөз қызметі Бахтиярмен осы жайлы әңгімелесті:
— Бапкермен сөйлестім, ол мені бірнеше позицияға салып көргісі келетінін айтты. Әрине, өз басым шабуылға жақын маңда ойнағым келеді, бірақ бапкер қай позицияда дұрыс ойнайды, командаға көбірек пайдасы тиеді деп шешсе, сол жерде ойнауға дайынмын.
— Жалпы, «Астанаға» келуің жайлы, неліктен елордалық ұжымның ұсынысын қабылдадың?
— «Астана» — Қазақстанның үздік клубтарының бірі, еурокубоктардың тұрақты қатысушысы. Сондықтан да астанадан ұсыныс түскен бойда келісе кеттім.
— «Астанада» қанат футболшылары арасында бәсеке өте жоғары, ойын тәжірибесінен үзіліп қалудан қорықпайсың ба?
— Мен бәсекеден қорықпаймын, өйткені футболшыны бәсеке ғана дамытады.
— Өткен маусымда чемпионаттың үздік жас футболшысы деп танылған едің, сен үшін ол қалай өтті?
— Ауыр маусым болды, бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан қиын болды. Өйткені Премьер-Лига деңгейінде алғашқы маусымды өткізген едім. Был жаңа тәжірибе жинақтадым, бірақ мен өсу үшін әлі көп жұмыс істеуім керек.
— «Таразда» он бірінші нөмірмен ойнап едің, «Астанада» да соны өзіңде қалдырғың келді ме?
— Шындығында, айырмасы шамалы қандай нөмір берсе — сондай нөмірмен ойнай беремін. Меніңше, футболшының сәні нөмір емес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или