Роналдуға 30 млн еуро айыппұл салынуы мүмкін
<span>Испанияның салық қызметі «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналдуды салықтан жалтару ісі бойынша айыптап отыр. Бұл туралы Sports.ru хабарлайды. </span>
<span>32 жастағы спортшы 2011-2014 жылдар арасында салық органдарынан 14,8 млн еуро жасырып қалды деген күдік бойынша 22 желтоқсан күні Посуэлода сот отырысы өтпек.</span>
<span>Егер Роналдуға тағылған айып дәлелденсе, футбол жұлдызына Испания қазынасына 30 млн еуро төлеуге тура келеді. Аталған соманың ішіне 14,8 млн еуро айппұл мен пайыздық өсім де кіреді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или