Харт «Вест Хэмнің» қосалқы қақпашысына айналды

Харт «Вест Хэмнің» қосалқы қақпашысына айналды

«Вест Хэм» клубының бас бапкері Дэвид Мойес команда қақпашысы  Джо Хартқа ендігі жерде сенім артпайтындығын жеткізді.

<span>Мойеске Хартың «Эвертонмен» (0:4) болған ойындағы ойыны ұнамай қалған. Ойын барысында бас бапкер Харттың орнына екінші қақпашы Адрианды шығарған. Ол өз кезегінде жақсы ойынымен бапкер көзіне түсе алды. Нәтижесінде «Манчестер Сити» (1:2) клубымен болған ойында Харт қосалқы құрамда қалып қойды. </span>

<span>Бүгін Мойестің командасы  «Челсиді» жеңді. Бұл ойында да Харт алаңғы шықпады. </span>

Ойыннан соң Мойес ендігі жерде Хартқа негізгі қақпашы емес екендігін жеткізген. 

Бұл жағдайдың бәрі Хартқа алдағы жазда болатын Әлем чемпионатына баруын қиындатып жіберуі мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или