Марин Аничич: Голымды жүкті жұбайыма арнаймын

Марин Аничич: Голымды жүкті жұбайыма арнаймын

«Славияға» қарсы тарихи ойынның басты қаһармандарының бірі ойындағы жалғыз голдың авторы, «Астана» қорғаушысы Марин Аничич болды.


Ойыннан кейін Марин клуб баспасөз қызметіне матч туралы әсерлерін бөлісті:

— Барша жанкүйерді, бапкерлер штабын, клуб басшылығын және «Астана» ойыншыларын тарихи жеңіспен құттықтаймын! Бүгін қиын болатынын білетін едік, «Славия» — өте жақсы команда. Олар мұны Астанада да көрсеткен болатын, ал мұнда өз жанкүйерлерінің алдында чехтар одан да күшейе түсті. Бірақ Чехияда жеті күн істеген жұмысымыз ойынға жақсылап дайындалу мүмкіндігін берді. Бірінші тайм сәтті болды, есеп ашудың сәті түсті. Екінші таймда қақпамызға тым жақын ойнадық, бірақ бастысы, төзе алдық, жеңісті қолдан шығармадық!

— Бүгінгі голды допты жейдеңнің ішіне сала тойладың. Голыңды кімге арнадың?

— Бүгін соққан голымды босанар алдында жүрген әйеліме арнаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или