Елбасы «Астана» футбол клубы командасын құттықтады
Мемлекет басшысы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты «Астана» футбол клубының командасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.
Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.
Естеріңізге салсақ, «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынында прагалық «Славияны» жеңіп турнирдің плей офф кезеңіне жолдама алған болатын.