«Славия» - «Астана» матчына елордалық клубтың 300-ден астам жанкүйері келді 

«Славия» - «Астана» матчына елордалық клубтың 300-ден астам жанкүйері келді 

«Астана» Еуропа Лигасы аясында Чехияның «Славия» командасын 1:0 есебімен жеңіп, 1/16 финалға шыққан тұңғыш қазақстандық клуб ретінде еуропа футболының тарихына кірді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады. 

<span>Бұдан тыс, тағы бір айтулы жетістікке қол жетті. Матчқа 300-ден астам «Астана» жанкүйері келіп, олардың басым көпшілігі фан-секторға орналасты. </span>

<span>Бұл цифр Қазақстан клубтарының сырт алаңдағы ойындар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды. </span>

<span>Елордалық ұжымның Еуропадағы жанкүйерлері күн сайын көбейіп келе жатқаны қуантады. Матчқа Чехиядағы студенттер мен Елшілік қызметкерлерінен тыс, Германия, Англия, Польша және басқа елдерден фанаттар жиналды. </span>

<span>«Астана» футбол клубы тарихи кеште командамен бірге болып, клубтың нағыз 12-ші ойыншысына айналған барша жанкүйерге алғыс айтады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или